-1 боксшы. Дәулет Молдашев алғашқы жекпе-жектен сүрінді

Редактор Penalty.kz
24.02.2025, 18:33

Отандасымыз әзербайжандық боксшы Залимхан Сүлеймановқа есе жіберді.

t.me/sportzhaily

Қазақстан құрамасынан -1 боксшы

Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінде алғашқы болып жекпе-жекке шыққан Дәулет Молдашев жарыстан шығып қалды. Ол әзербайжандық боксшы Залимхан Сүлеймановқа есе жіберді.

57 кг салмақта енді Оразбек Асылқұлов ел намысын қорғайды. Ол 1/4 финалда Уэльс боксшысы Овейн Харрис-Алленмен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Болгарияда «Странджа» халықаралық турнирі өтіп жатыр.