Дана Уайт қазақстандық файтердің қатысуымен болған жанжалға пікір білдірді.
Қазақстандық файтер Николай Веретенников UFC Fight Night 252 турниріндегі әрекеті үшін сынға ұшырады. Жартылай орта салмақта өнер көрсететін спортшы екінші рет қатарынан жеңіліп қалды. Бұл жолы ол америкалық Остин Вандерфордқа (13-2) есе жіберді. Төрешілер Остинге мерзімінен бұрын жеңісті берген соң, Веретенников ашуға беріліп, оны итеріп жіберген. Бұл туралы tengrisport.kz хабарлады.
UFC басшысы жағдайды түсіндіре келе, оған рефери шешімі түрткі болғанын атап өтті:
"Иә, жекпе-жектен кейін біреуді итеру дұрыс емес. Бірақ мен оның неге ашуланғанын білмеймін. Ол төрешінің шешіміне наразы болды, және мен жекпе-жекті көрген кезде оның көңілсіздігін түсіндім. Ол көптеген соққыларды жауып, қорғанып жатты. Егер спортшы жерде жатып, ешқандай жауап қайтара алмаса, шешім әділетті болар еді. Бірақ ол қорғанып, қозғалып жатты. Сондықтан не себепті ашуға берілгенін түсінемін" - деді Уайт.
UFC президенті бұған дейінгі жанжалдарды еске алды.
"Иә, ол қарсыласын итеріп жіберді. Бірақ енді не істейміз? Бұған дейін Пол Дейли жасаған әрекет мүлдем басқа еді. Ол 2010 жылы жекпе-жек барысында қарсыласын ұра алмаған соң, айқастан кейін күтпеген жерден соққы жасады. Сондықтан біз оны UFC-ден біржола шеттеткенбіз" - деп түсіндірді Уайт.
Америкалық БАҚ өкілдері бұл жағдайды Пол Дейлидің оқиғасымен салыстырып жатыр.