Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Мен аңтарылып қалдым". Қуат Хамитов күтпеген жағдайға тап болды

Редактор Penalty.kz
27.02.2025, 10:23

Танымал қазақстандық ММА файтері Қуат "Найман" Хамитов Таиландта жүрген кезінде ерекше жағдайға тап болғанын айтты. 

fight.ru
Реклама
Реклама

Хамитовтың айтуынша, ол Таиландта Қырғызстаннан келген бір жігітпен кездескен. Бейтаныс адам оған өз ұлын файтердің құрметіне Найман деп атағанын жеткізген.

"Бүгін маған Қырғызстаннан бір жігіт келіп, ұлына менің атымды қойғанын айтты! Шынымды айтсам, мен сасқалақтап қалдым, бірақ бұл сөздер жүрегімді елжіретті..." – деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

28 ақпанда Астанада Қуат Хамитов ресейлік спортшы Мариф Пираевпен кәсіпқой бокс ережесі бойынша реванш өткізуі тиіс болған. Алайда бұл жекпе-жек тағы да өтпейтін болды.

Бұл – қос спортшының айқасының екінші мәрте кейінге қалдырылуы. Бастапқыда олардың кездесуі 2023 жылдың желтоқсан айында өтуі керек еді. Бірақ түрлі себептермен жекпе-жек кейінге шегерілген болатын.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары