Жалғас Жұмағұлов UFC-дің бұрынғы файтерін жеңді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
28.02.2025, 07:30

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (17-9) Павлодарда өткен Fight Nights турнирінде сенімді жеңіске жетті. 

sports24.kz

Жұмағұлов кәсіпқой бокс ережесі бойынша UFC-дің бұрынғы файтері, америкалық Джастин Скоггинспен (15-7) жұдырықтасты. Кездесу төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Бұл жеңіс Жұмағұловтың кәсіби бокстағы екінші жеңісі болды.

Жалғас Жұмағұловтың кәсіпқой бокстағы нәтижелері: 

  • Профи-бокстағы дебютін 2023 жылдың желтоқсанында өткізді – норвегиялық Раванд Оубуды (1-1, 0 KO) төрешілердің шешімімен жеңді. 
  • Екінші жеңісін UFC-дің бұрынғы файтеріне қарсы алды.

Жұмағұловтың ММА-дағы соңғы кездесулері

Жалғас Жұмағұлов аралас жекпе-жек мансабын да жалғастыруда. Оның соңғы ММА жекпе-жегі 2023 жылдың қарашасында өтті, онда ол валлийлік Аарон Эбиді (16-10-1) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.