Қазақстан құрамасы бокстан кіші әлем чемпионатында Өзбекстанды басып озды
28.02.2025, 08:54
Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан "Странджа" турнирінде Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға ең көп боксшы өткізген құрама атанды
sportarena.kz
Жартылай финалда Қазақстаннан 18 боксшы бақ сынайды. Бұл көрсеткіш бойынша біздің құрама басты қарсыласы Өзбекстаннан екі есе көп спортшы өткізді – көрші елден тек 8 боксшы жартылай финалға жолдама алды.
Үздік үштікке Болгария құрамасы да кіріп, 5 боксшымен жартылай финалға өтті.
Жартылай финалға шыққан боксшылар саны бойынша үздік құрамалар:
- Қазақстан – 18 боксшы
- Өзбекстан – 8 боксшы
- Болгария – 5 боксшы
- Ирландия мен Әзірбайжан – 4 спортшыдан
- Косово, Англия және Грузия – 2 спортшыдан
- Франция, Италия, Түркия, Австрия, Израиль, Қытай және Грекия – 1 спортшыдан
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама