Дзюдошыларымыз Ташкенттегі Grand Slam-нің алғашқы күнінде жүлдесіз қалды

Редактор Penalty.kz
28.02.2025, 14:25

Бүгін Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан беделді Grand Slam турнирі басталды. Біраш Қазақстан құрамасы алғашқы жарыс күнінде жүлдеге қол жеткізе алмады. 

sportarena.kz

Өкінішке қарай, ұлттық құраманың ешбір өкілі финалдық кезеңге өте алмады. Барлық дзюдошылар алғашқы белдесулерінде қарсыластарына жол берді.

Ерлер арасындағы нәтиже:

60 кг:

  • Нұрәділ Әлжан – Камоллидин Бахтияровқа (Өзбекстан) жеңілді

66 кг:

  • Ердәулет Бозша – Абдурахим Нутфуллоевке (Өзбекстан) есе жіберді
  • Ержан Еренқайыпов – Казбек Нагучевтен (БАӘ) ұтылды

Әйелдер арасындағы нәтиже:

48 кг:

  • Ғалия Тынбаева – Ахлия Муминоваға (Тәжікстан) қарсы тұра алмады 
  • Диана Букреева – Сабина Гиллязоваға (Ресей) жеңілді

52 кг:

  • Құндыз Жылқыбай – Мария Комасқа (Испания) жол берді

57 кг:

  • Бақыт Құсақбаева – Ирина Зуеваға (Ресей) ұтылды