Үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиев өмірден өтті
03.03.2025, 04:00
Еркін күрестен үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиев 49 жасында қайтыс болды.
md-gazeta.ru
Бұл туралы Ресейдің Спорттық күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили хабарлады.
"Маған он минут бұрын қоңырау шалып, бұл қайғылы жаңалықты жеткізді. Әлі де есімді жия алар емеспін," – деп ТАСС Мамиашвилидің сөзін келтіреді.
Федерация басшысының айтуынша, олар Сайтиевпен бірге ұшаққа мінуі керек болған еді. Бувайсар Сайтиев Мәскеуде көз жұмған.
Бувайсар Сайтиев – күрес тарихындағы ең ұлы балуандардың бірі
- Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы (1996, 2004, 2008, 74 кг)
- Алты дүркін әлем чемпионы
- Алты дүркін Еуропа чемпионы
- Төрт дүркін Ресей чемпионы.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама