UFC чемпионы қарсыласына 100 млн-ға бәстесуді ұсынды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
04.03.2025, 17:08

Бәстесудің мақсаты — қатерлі ісікпен ауыратын балаларға көмек көрсету екен. 

mma.metaratings.ru

Жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионы, бразилиялық  файтер Алекс Перейра өзінің қарсыласы, ресейлік Магомед Анкалаевқа 200 мың долларға (шамамен 99,5 миллион теңге) бәстесуді ұсынды. Бұл туралы Tengri Sport хабарлады. 

Жеңілген жақ балаларға көмектеседі

Перейра өз ұсынысын әлеуметтік желіледе жариялап, Анкалаевқа ерекше шарт қойды. Бразилиялық чемпионның айтуынша, бәстесудің мақсаты — қатерлі ісікпен ауыратын балаларға көмек көрсету.

"Мен 200 мың долларға қатерлі ісікпен ауыратын мұқтаж балаларға қайырымдылық ретінде бәстесуге дайынмын. Егер мен жеңілсем, Анкалаев өз еліндегі кез келген ауруханаға немесе қорға бұл соманы аударамын. Ал егер мен жеңсем, ол мен көрсеткен ауруханаға дәл сондай соманы аударады.

Анкалаев пен оның менеджері Али өз жеңістеріне жүз пайыз сенімді болғандықтан, бұл ұсынысты қабылдайды деп ойлаймын. Иә, мен жеңілуім мүмкін, бірақ бұл бәстесуден көптеген мұқтаж бала ұтады. Олар үшін үлкен көмек болмақ", — деді Перейра.

UFC 313 турнирі: басты жекпе-жектер

Алекс Перейраның жекпе-жегі 8-9 наурыз аралығында Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 313 турнирі аясында  "T-Mobile Arena"-да өтеді.

Турнирдің тағы бір басты ивентінде UFC жұлдызы, жеңіл салмақтағы файтер Джастин Гейджи Қазақстан тумасы, қазіргі уақытта Әзербайжан атынан өнер көрсетіп жүрген Рафаэль Физиевке қарсы шығады.

Жекпе-жек алдындағы болжамдар

Перейраның ұсынысы жанкүйерлер мен сарапшылар арасында қызу талқыға түсуде. Бірі бұл бастаманы қайырымдылық пен батылдықтың белгісі деп бағаласа, енді бірі Анкалаевтың жауабын күтуде. Бразилиялық чемпионның бұл қадамы тек жекпе-жекті емес, сондай-ақ қайырымдылықты да басты назарға алатынын көрсетті.