Әлем чемпионаты: Назым Қызайбай қанша сыйақы алады?
05.03.2025, 18:20
Бұл туралы Халықаралық бокс қауымдастығы жария етті.
Qaz365.kz
Сербияның Ниш қаласында 2025 жылғы 9-16 наурыз аралығында өтетін әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының жүлде қоры белгілі болды. Бұл туралы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) жария етті.
Әлем чемпиондарына арналған жүлде: 100 мың доллар
Әлем чемпионы атанған боксшы:
- 100 мың АҚШ долларына ие болады.
Күміс жүлдегерлерге:
- 50 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі.
Қола медаль иегерлері:
- 25 мың доллардан алады.
Ширек финалға жеткендерге де сыйақы беріледі
Биылдан бастап алғаш рет бокстан әлем чемпионаты тарихында ширек финалға өткен барлық спортшыларға да қаржылай марапат қарастырылған.
- Ширек финалистерге — 10 мың доллар сыйақы беріледі.
Қазақстандық боксшылардың қатысуы
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан атынан әлем чемпионатына қатысатын спортшыларының есімдері бұған дейін жарияланған болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама