Әлімханұлы "Канело" және Бенавидеспен жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады

Редактор Penalty.kz
06.03.2025, 13:44

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзіне қызықты қарсыластар туралы айтты.

newtimes.kz

Жәнібек кіммен жекпе-жек өткізгісі келеді?

"Мен салмағымдағы кейбір үздік боксшылармен спарринг өткізіп көрдім. Оларда ешқандай мәселе туындаған жоқ. Бірақ мен үшін бастысы – жекпе-жекте жеңу.

Мені қызықтыратын қарсыластарым – Сауль “Канело” Альварес пен Дэвид Бенавидес. Бірақ мен рингке кез келгенімен шығуға дайынмын, тіпті дәл қазір де!"* – деді Әлімханұлы.

Боксшылар Жәнібекпен неге жекпе-жек өткізуден қашады?

Чемпион кейбір қарсыластарының жекпе-жекке келіспеу себебін де түсіндірді:

"Шын мәнінде, боксшы боксшыдан қорықпайды. Бірақ қарсыластар Qazaq Style-дан қорқады.

Менің ойымша, біздің бокстегі ерекше стиліміз оларға ыңғайсыз, сондықтан олар ұзақ ойланып, көп уайымдайды."