Реклама
Реклама

Әбиба Әбужақынова Австрияны дүр сілкіндірді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
07.03.2025, 21:47

Ол Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан әлемдік Гран-при финалында топ жарды. 

optimizm.kz

Әбиба Әбужақынова (48 кг) 19 жастағы жапон дзюдошысы Сачио Йошиноны жеңіп, алтын медаль иеленді. 

Ақтық жекпе-жекке дейін қазақстандық спортшы ширек финалда татами иесі Жаклин Спрингерді, ал жартылай финалда Нидерланд өкілі Амбер Херсьесті жеңді.

Бүгін бастау алған Гран-при турнирінде 52 елден 416 спортшы бақ сынауда. Қазақстан құрамасынан жарысқа 14 дзюдошы қатысып жатыр. 

Реклама
Реклама