Әлем чемпионаты. Қазақстан — Өзбекстан жекпе-жегі алғашқы күнде өтеді
09.03.2025, 05:00
Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 9 наурызда Сербияның Ниш қаласында жалауын көтереді.
sozmedia.kz
Турнирдің бірінші күнінде екі қазақстандық боксшы рингке шығады.
Алуа Балқыбекова (50 кг) үшінші жекпе-жекте Кениядан келген Вероника Мбите Нзивамен кездеседі.
Елдана Тәліпова (81+ кг) алтыншы жұпта өзбекстандық Олтин Сотимбоеваға қарсы күш сынасады.
2025 жылғы әлем чемпионатындағы Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары:
- 48 кг: Назым Қызайбай — Николь Дурикова (Словакия)
- 50 кг: Алуа Балқыбекова — Зива (Кения)
- 52 кг: Анита Адишева — Патино Хуарес (Мексика)
- 54 кг: Жайна Шекербекова — Бекера Монтесинос (Колумбия)
- 57 кг: Карина Ибрагимова — қарсыласы кейін белгілі болады
- 60 кг: Виктория Графеева — София Легаки (Грекия)
- 63 кг: Аида Әбікеева — қарсыласы кейін белгілі болады
- 66 кг: Жасмин Қизатова — Ивануса Морейра (Кабо-Верде)
- 70 кг: Наталья Богданова — Мас Мартинес (Испания)
- 75 кг: Надежда Рябец — Корома (Сьерра-Леоне)
- 81 кг: Гүлсая Ержан — Ян (Қытай)
- 81+ кг: Елдана Тәліпова — Олтин Сотимбоева (Өзбекстан)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама