UFC 313: Қазақcтандық Физиевтің реваншы қалай аяқталды? (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
09.03.2025, 11:11

АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өткен UFC 313 турнирінің қосалқы басты жекпе-жегінде Қазақстан тумасы, Әзербайжан атынан өнер көрсететін Рафаэль Физиев (12-4) мен америкалық Джастин Гэтжи (26-5) октагонда қайта кездесті. 

thescore.com

Жеңіл салмақтағы бұл тартысты кездесу үш раундқа жоспарланды. Жекпе-жек толық өтіп, төрешілер шешімімен (29-28, 29-28, 29-28) Гэтжи жеңімпаз деп танылды. Осылайша америкалық файтер өзінің 26-шы жеңісін тіркесе, Физиев ММА-дегі төртінші жеңілісін алды.

Айта кету керек, бұл қос спортшы бұған дейін де бір-бірімен кездескен. 2023 жылдың наурыз айында өткен UFC 286 турнирінде Джастин Гэтжи дәл осындай бірдей төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Джастин Гэтжи 26-шы жеңісіне қол жеткізді, ал Физиевтің кәсіби рекорды 12 жеңіс, 4 жеңіліс болып өзгерді.