Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық боксшы үш дүркін чемпионды жеңді

Сарапшы, спорт журналисі
11.03.2025, 19:18

Осылайша, бұрымды боксшымыз әлем чемпионатының ширек финалына шықты. 

olympic.kz
Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалдық жекпе-жекте Балқыбекова марокколық Ясмин Мутакимен кездесіп, таза жеңіске (5:0) жетті.

Осылайша, Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Айта кетейік, ол бұған дейін екі рет әлем чемпионатының жүлдегері атанған (2022 жылы – күміс, 2023 жылы – қола) және Азияның екі дүркін чемпионы (2021, 2022).

Ал оның қарсыласы Ясмин Мутаки2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және Африканың үш дүркін чемпионы (2017, 2023, 2024).

Балқыбекова енді жартылай финалға шығу үшін келесі жекпе-жегін өткізеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары