Қазақстандық боксшы WBC рейтингінде көш бастады
11.03.2025, 10:13
Әлемдік бокс кеңесі (WBC) жаңартылған рейтингін ұсынды.
Vesti.kz
Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) өз позициясын жақсартып, рейтингтің бірінші орнына көтерілді. Бұған дейін ол үшінші орында болған.
Еске салсақ, WBC ұйымы осы салмақтағы қазіргі әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) белбеуін қорғау үшін Нұрсұлтановпен жекпе-жек өткізуге міндеттеген еді.
Жаңартылған рейтингтегі үздік үштік:
- Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан)
- Хамза Шираз (Ұлыбритания, 21-0-1, 17 КО)
- Крис Юбэнк-кіші (Ұлыбритания, 34-3, 25 КО)
Нұрсұлтановтың соңғы жекпе-жегі қашан өтті?
Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов біраз уақыттан бері рингке шыққан жоқ. Оның соңғы жекпе-жегі 2023 жылғы 17 қарашада Ташкентте (Өзбекстан) өтті. Бұл кездесуде ол чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама