Назым Қызайбайдың әлем чемпионатындағы жекпе-жегі нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)
12.03.2025, 18:53
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласындағы әлем чемпионатын сәтті бастады.
vesti.kz
Қызайбай 48 келі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында Словакия өкілі Николь Дуриковамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек үш нокдауннан кейін техникалық нокаутпен аяқталды.
Осылайша Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды. Ал қарсыласы әлем чемпионатындағы жорығын аяқтауға мәжбүр болды.
Айта кету керек, Қызайбай әлемнің екі дүркін чемпионы (2014, 2016), Азия-2021 чемпионы және 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері саналады. Ал Николь Дурикова 22 жасқа дейінгілер арасында Еуропаның екі дүркін (“күміс” және “қола”) жүлдегері.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама