Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Карина Ибрагимова қарсыласын ойсырата жеңді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
12.03.2025, 19:22

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатындағы жорығын бастады.

baigenews.kz
Реклама
Реклама

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда рингке шыққан Ибрагимова колумбиялық Валерия Арболеда Мендосамен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласынан айқын басым түсіп, төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жеңістің арқасында Карина Ибрагимова әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды және жүлделі орындарға таласын жалғастырады. Айта кетейік, Ибрагимова бұған дейін де әлемдік ареналарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген тәжірибелі спортшы. Оның жетістіктері қатарында:

  • 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесі,
  • 2018 және 2022 жылдардағы әлем чемпионатының қола медальдары,
  • 2022 жылғы Азия чемпионы атағы,
  • 2022 жылғы Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдесі бар.

Карина Ибрагимованың қарсыласы Валерия Арболеда Мендоса да беделді боксшылардың бірі. Оның мансабындағы ең үлкен жетістігі — Панамерикалық ойындардың күміс жүлдесі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары