Өзбекстан құрамасының бапкері боксшыларды таяқпен тәрбиелейді (ВИДЕО)
13.03.2025, 07:00
Жуырда әлеуметтік желіде Өзбекстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиынынан түсірілген видео пайда болды.
sports24.kz
Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев боксшыларды жігерлендірудің ерекше әдісін қолданады. Атап айтқанда, білікті маман жалқауланған спортшыларды шыбықпен сабайды екен.
Оқу-жаттығу жиынынан түсірілген видеоны Киличев өз Instagram парақшасында жариялады. Желі қолданушылары бұл әдісті әртүрлі қабылдады: бірі тәртіпке салу тәсілі десе, енді бірі спортта мұндай әдіс болмауы керек деп дауласты.
Видеода ең көп «таяқ жеген» спортшы – аса ауыр салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов екені байқалады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама