Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері өзіне тағайындалған 3,5 мың доллардың тек 100 долларын ғана алып отырған.
Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы Ақжүрек Таңатаров спорт саласындағы жемқорлық туралы ашық мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол «Бірінші бол» YouTube-каналына берген сұхбатында айтты.
Белгілі спортшы бүгінде Күрес түрлері федерациясына қызметке тұра алмайтынын, тіпті қарапайым бапкер болу мүмкіндігі жоқ екенін айтты.
Экс-балуанның айтуынша, ол жастайынан спорттағы шенеуніктердің "қара тізіміне" енген. Себебі, мемлекеттен бөлінген қаражаттың есебін сұрап, ақшаның қалтаға кетпеуін қадағалаған.
Соған қарамастан, өз еңбегі үшін тиесілі жалақының көп бөлігін ала алмағанын жеткізді.
– Сол кезде сізге Кеңес Рақышевтің көмегі тиді иә, шатаспасам?
– Иә, Кеңес Рақышев маған жеке жалақы тағайындады. Бірақ, соның өзі маған толық жетпей, жарты жолдан қолды болып отырыпты. Кейін оны өзі де естіпті.
– Қанша жалақы еді?
– 3 500 доллар тағайындапты. Бірақ, мен соның тек 100 долларын ғана алып отырдым ай сайын.