Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға шықты.
Алуа Балқыбекова 1/4 финалда түркиялық Айсен Ташкинмен кездесіп, жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен аяқталды. Қазақстандық спортшы қарсыласынан басым түсіп, 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті.
Осыған дейін 1/8 финал кезеңінде Алуа Балқыбекова 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ Африканың үш дүркін чемпионы (2017, 2023, 2024) марокколық Ясмин Мутакиді айқын басымдықпен жеңген еді.
Қазақстандық боксшы әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері (2022 – күміс, 2023 – қола) және Азияның екі дүркін чемпионы (2021, 2022) атағына ие.