Азия чемпионатына қатысатын дзюдошылар белгілі болды – құрамда кімдер бар?

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 08:30

Қазір ұлттық құрама мүшелері Чехияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 

t.me/sportzhaily

Сәуір айында Таиландта өтетін дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың тізімі анықталды.

Қазақстан құрамасы:

  • 48 кг: Әбиба Әбужақынова
  • 57 кг: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева
  • 63 кг: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева
  • 70 кг: Кристина Сотникова
  • 78 кг: Аруна Жангелдина
  • +78 кг: Ақерке Рамазанова, Назгүл Маратова
Әбиба Әбужақынова Фото: t.me/sportzhaily

Ұлттық құрама Чехияда дайындалып жатыр

Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық құрамасы Чехияның Нимбурк қаласында халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Оған әлемнің 36 елінен 595 татами шебері жиналған.