Ресейде туған былғары қолғап шебері финалда 5 дүркін чемпионды тізе бүктірді.
Этникалық қазақ қызы Салтанат Меденова Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.
81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Салтанат финалда Түркия өкілі Бюшра Ишилдармен қолғап түйістірді. Нәтижесінде Омбының тумасы төрешілердің шешімімен жеңімпаз деп танылды. Қорытынды есеп – 4:1.
Өз кезегінде Ресей боксшысы бұған дейін Еуропа чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Түмен облысының Тобыл қаласында туған қандасымыз биыл 24 жасқа толады. Ол 2020 жылы Ресей ұлттық құрамасына қосылған. Ал 2023 жылы Черногорияда өткен жастар арасындағы Еуропа біріншілігінде топ жарды.