18 наурыз күні таңертең Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері Қазақстанға оралды. Алматы әуежайында спортшыларды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
"Үш дүркін әлем чемпионы атанғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің көптен күткен арманым, басты мақсатым еді және мен оған жеттім. Әрине, әлем чемпионатында жеңіл қарсылас болмайды. Бірақ ең қиыны – дайындық кезеңі, жаттығу процесі. Енді біраз демалып, қалпыма келіп, келесі жарыстарға дайындаламын."
"Барша Қазақстан халқына алғысымды білдіремін! Бұған дейін күміс пен қола жеңіп едім, бірақ биыл Алланың қалауымен әлем чемпионы атандым. Бұл оңай болған жоқ – жылдар бойы еңбек, дайындық, қиындықтар.
Алдағы басты мақсатым – 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін Олимпиадаға қатысу және сол жерде топ жару."
"Назымның үш дүркін әлем чемпионы болуы – барлығымызға үлкен мотивация. Біз оны бала кезден көріп, таңданатынбыз. Алдағы уақытта, бұйыртса, біз де оның жетістігін қайталауға тырысамыз."
"Қазақстанға, халқымызға осындай жылы қарсы алғаны үшін үлкен рақмет! Чемпионат өте жоғары деңгейде өтті. Ең бастысы – өз жақындарыңмен қуанышты сәтті бөлісу.
Финалдағы жекпе-жекке келер болсақ, мен оны жеңілмедім деп санаймын. Бұған дейін осы қарсыласпен кездескенмін. Бірақ, өкінішке қарай, төрешілер қолымды көтермеді. Ендігі мақсат – келесі әлем чемпионатында Қазақстанға алтын әкелу!"
"Ең алдымен, өзіме жайлы баспана алғым келеді. Қалған қаражатты дұрыс пайдаланып, жылжымайтын мүлікке, инвестицияға саламын. Өйткені, осындай еңбектің жемісін босқа шашып жіберу – менің ойымша, орынсыз. Болашақта ақырындап жинап, үлкен мақсаттарға ұмтыламыз."