"Біз бастаймыз!" - Данияр Елеусінов көптен күткен мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
18.03.2025, 22:32
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығу залынан жаңа видео жариялады.
instagram/@yeleussinovdaniyar
Олимпиада чемпионы жаттығуға қайта оралды.
"Біз бастаймыз!", – деп жазды Данияр видео астында.
Бұған дейін Елеусіновтің 28 ақпанда Астанада өтетін бокс кешінде рингке шығатыны туралы ақпарат тараған болатын. Бірақ денсаулығына байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді.
Данияр Елеусінов – IBO нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы. Ол соңғы рет 2023 жылдың қыркүйек айында ринге көтерілген.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама