UFC Әзербайжанда өтеді: Қазақ файтерлері октагонға шыға ма?

Редактор Penalty.kz
21.03.2025, 16:22

Алдын ала болжам бойынша, турнир ел астанасы Бакуде ұйымдастырылмақ.

rsport.ria.ru

Әлемнің жетекші ММА журналисі Ариэль Хельвани UFC ұйымының Әзербайжанда UFC Fight Night турнирін өткізу туралы келіссөздердің соңғы кезеңінде екенін хабарлады. Алдын ала болжам бойынша, турнир ел астанасы Бакуде ұйымдастырылмақ.

Тарихи турнирде кімдер жұдырықтасады?

Турнир картасына алғашқы кездесу ретінде ресейлік Тагир Уланбеков пен жапондық Киоджи Хоригучи арасындағы жекпе-жек жоспарланған.

Хоригучи – үш жеңістен кейін 2017 жылы UFC-ден кетті. 2015 жылы титулдық жекпе-жекке шығып, Деметриус Джонсоннан сабмишнмен жеңілген болатын. UFC-ден кейін ол Rizin мен Bellator-да чемпион атанып, Манель Капе мен Кай Асакураны мерзімінен бұрын жеңді.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері бұл турнирде өнер көрсете ме жоқ па, әзірге белгісіз. 

UFC картасындағы 29-шы ел

Әзербайжан UFC тарихындағы 29-шы ел атанбақ. Бұл ел бастапқыда 30-шы болуы мүмкін еді, алайда мамыр айына жоспарланған Қатардағы турнир басқа мемлекетке ауыстырылды.

Әзербайжандық жекпе-жек шеберлері UFC-де

Қазіргі таңда UFC-де Әзербайжанның екі өкілі өнер көрсетеді:

  • Рафаэль Физиев – жеңіл салмақ санатындағы файтер, UFC рейтингінде 11-орында. Ол екі мәрте UFC Fight Night турнирлерінің басты жекпе-жегіне шықты:

    1. 2022 жылы — Рафаэль Дос Аньосқа қарсы

    2. 2023 жылы — Матеуш Гамротқа қарсы

  • Назим Садыхов – жеңіл салмақтағы тағы бір үміткер. Әзірге рейтингте жоқ, бірақ UFC-дегі рекорды: 3 жеңіс, 0 жеңіліс, 1 тең ойын.