Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Баходир Джалолов Астанадағы жекпе-жек қарсаңында күтпеген мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі
21.03.2025, 12:07

Суперауыр салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы, өзбекстандық танымал боксшы Баходир Джалолов (14-0, 14 КО) Олимпиада-2028 ойындарына қатысу мүмкіндігін жоққа шығармады.

offside.kz
Реклама
Реклама

Жазда өткен Париж Олимпиадасында екінші алтын медалін жеңіп алған Баходир сол кезде енді кәсіби бокстағы мансабына ден қоймақ ниетін білдірген еді. Бірақ Boxing News басылымына берген соңғы сұхбатында Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қайта оралуы мүмкін екенін меңзеді.

“Алдағы уақыт не әкелетінін көре жатармыз. Қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Уақыты келгенде Лос-Анджелеске бару туралы ойланып көреміз. Үш дүркін Олимпиада чемпионы болу – мен үшін үлкен тарихи жетістік болар еді. Бірақ қазіргі таңда мен үшін ең бастысы — кәсіби мансабым”, — деді 30 жастағы Баходир Джалолов.

Айта кетейік, Баходир Джалолов 2023 жылдан бері алғаш рет кәсіби жекпе-жекке шығады. 5 сәуір күні Астанада өтетін бокс кешінде ол украиналық боксшы Игорь Шевадзуцкиймен (12-2, 10 КО) қолғап түйістіреді. Бұл кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы Анауэль Нгамиссенгемен кездеседі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары