Аты шулы боксшы Қазақстанның резервтік құрамасымен қалай жұмыс істеп жатқанын көрсетті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
23.03.2025, 19:24

2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жас боксшыларды жаттықтырудағы тәсілін көрсетті. 

sports24.kz

Жасөспірімдерден құралған Қазақстанның 22 жасқа дейінгі боксшылар құрамасы Алматы қаласына жақын орналасқан Олимпиадалық дайындық орталығында оқу-жаттығу жиынын (УЖЖ) өткізіп жатыр. Команданы атақты боксшы, Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев баптап жатыр.

U-22 құрамасы сапында AlmatyBoxingTeam командасынан алты боксшы бар. Олар: 

  • Абылай Сман
  • Саят Әшімов
  • Ерсұлтан Сапар
  • Рамазан Рузибай
  • Алдияр Мэлс
  • Нұрбал Мұхаммедәли

Олар оқу-жаттығу барысында физикалық дайындықты, техника мен тактиканы жетілдіруде. Бақыт Сәрсекбаевтың жаттықтыру тәсілдері әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. 

Еске сала кетейік, Бақыт Сәрсекбаев бұған дейін өзінің жеке бапкері әрі туысы болған ағасымен пәтер дауына байланысты соттасқан болатын. Алайда бұл жағдай оның спорттағы беделіне және жаттықтырушылық қызметіне әсер еткен жоқ.