"Джентльмен" лақап атымен танымал Теміржан Баймолданың келесі қарсыласы белгілі болды
24.03.2025, 09:12
Қазақстандық кәсіби боксшы, жеңіліссіз рекорд иесі Теміржан Баймолда (9 жеңіс, 0 жеңіліс, 5 нокаут) келесі жекпе-жегін қашан және кімге қарсы өткізетіні белгілі болды.
sports24.kz
Теміржан Баймолда Таиланд астанасы Бангкокта 29 наурыз күні рингке шығады. Оның қарсыласы – жергілікті боксшы Плуем Вангхлакланг (1 жеңіс, 2 жеңіліс, 0 нокаут).
Алдағы шайқас жартылай орта салмақта өтеді және алты раундқа жоспарланған.
Бұл – Теміржан үшін 2025 жылғы үшінші жекпе-жек болмақ. Бұған дейін ол 20 ақпанда Бангкокта Вачаян Камонды (12-48-1, 4 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын. Баймолда сол кездесуде тактикалық шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, көрермендер мен сарапшылардың жоғары бағасына ие болған еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама