Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Жекпе-жекке кешіге жаздадым": Алуа Балқыбекова әлем чемпионатындағы ерекше оқиғаны айтты

Сарапшы, спорт журналисі
24.03.2025, 19:39

Алуа Балқыбекова бокстан Сербияда өткен әлем чемпионатында алғашқы кездесуге кешігіп қала жаздаған. 

Instagram/@balkibekovaas
Реклама
Реклама

Бұл туралы ол Olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтты. 

"Ең бірінші жекпе-жегіме кешігіп қалуға шақ қалдым. Негізі, мен алтыншы жұпта едім. Маған дейінгі екі жұптың бәсекесі қысқа уақытта аяқталған болатын. Сол себепті, кездесуге уақытында келе алмай қалдым.

Содан кейін "Қазақстан"жазуын алып шығатын қыз менен бұрын шығып кетті. Жанкүйерлерім алаңдап, барлығы маған жаза бастады. Көңіл-күйімде түсіп кетті. Өзім де басында мән-жайды түсінбей қалдым. Себебі бәрі де қарбаласып кетті. Осылайша жарыстың ең бірінші күні есімнен кетпеді", — деді Алуа.

instagram/@balkibekovaas

Қазақстандық спортшы жарыстың бірінші күні кениялық Вероника Нзивамен кездескен болатын. Үш раундтың қорытындысы бойынша Алуа 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары