Жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы және ұйымның Даңқ залы мүшесі Хабиб Нурмагомедов бес жылға бас бостандығынан айырылған америкалық экс-чемпион Кейн Веласкеске қолдау танытты.
Кейн Веласкес 2022 жылдың ақпанында заңсыз қару қолданғаны үшін қамауға алынған болатын. Ол өз ұлына тиіспек болды деп айыпталған адам отырған көлікке бірнеше рет оқ атқан. Бірақ шабуыл барысында сол көлікте болған күдіктінің өгей әкесін жаралап алған.
“Мықты бол, арыстан”, — деп жазды Хабиб өзінің әлеуметтік желісінде.
Сот шешімі бойынша Веласкеске бес жыл түрме жазасы кесілді.
Кейн Веласкестің бұл ісі ММА жанкүйерлері мен спортшылар арасында қызу талқылануда. Бұған дейін UFC файтері Брайс Митчелл де америкалық экс-чемпионды кешіруді сұрап, ашық үндеу жасаған болатын.