Азия чемпионаты: Үш қазақ балуаны грек-рим күресінен финал жолдамасына таласады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
25.03.2025, 16:00

Амманда (Иордания) өтіп жатқан грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының үш балуаны жартылай финалға жолдама алды. 

instagram/@qaz_team_official
  • 63 келіде Сұлтан Әсетұлы ширек финалда Қырғызстаннан келген Доолотбек Чойбековты сенімді түрде ұтып, жартылай финалға шықты. Оның белдесуін төмендегі видеодан тамашалауға болады.
  • 87 келіде Шәміл Ожаев өз салмағында ширек финалды драмалық түрде аяқтады. Ол қырғыз балуаны Асан Жанышовты белдесудің соңғы секундтарында жеңіп, келесі айналымға жол ашты.
  • 130 келіде Әлімхан Сыздықов Ирак балуаны Али Яссин Шаруиден басым түсіп, жартылай финалға өтті.

Өкінішке қарай, Ербол Камалиев (55 кг) пен Ибрагим Магомадов (77 кг) жартылай финалға өте алмай, жарысты ерте аяқтады.

Жартылай финалдық белдесулер бүгін Астана уақыты бойынша сағат 20:00 басталады.