Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан мен Өзбекстанның ең медиялық файтерлері жанжалдан кейін трилогия өткізеді

Сарапшы, спорт журналисі
25.03.2025, 17:48

Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов арасындағы ұзаққа созылған қақтығыс жаңа кезеңге өтті. Екі елдің ең медиялық жекпе-жек шеберлері арадағы есепті шешу үшін қыркүйек айында Ташкентте үшінші рет октагонға шығады.

vesti.kz
Реклама
Реклама

Алматыда Octagon лигасының медиа-конференциясы өтуі тиіс болатын. Алайда шара басталмай тұрып, кіреберісте Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов кездесіп қалып, от шықты. Тоқтар Камоловқа “шапалақ” тартып жібергеннен кейін екеуін бірден ажыратқан. Камолов бұл оқиғадан кейін шараға қатысудан бас тартты.

Өзбек файтері әлеуметтік желіде бірнеше видео жариялап, Octagon лигасын және Еркебұланды өзіне құрмет көрсетпеді деп айыптап, өз отандастарын қазақстандық қарсыласына қарсы қойды.

Қос спортшы бұған дейін екі рет кездесіп, бір-бір жеңіске жеткен. Сондықтан Ташкенттегі үшінші жекпе-жек — трилогияның шешуші тарауы болмақ.

Бұл жолы жеңімпазға Octagon лигасының жеңіл салмақтағы BMF (Best Media Fighter) белбеуі табысталады. Қазір бұл атақ Еркебұлан Тоқтарға тиесілі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары