Әлімхан Сыздықов 3-рет Азия чемпионатының финалына шықты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
25.03.2025, 16:55

Амманда (Иордания) грек-рим күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. 

instagram/@qaz_team_official

Грек-рим күресінен аса ауыр салмақтағы отандасымыз Әлімхан Сыздықов Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының ақтық сынына жолдама алды. Ол жартылай финалда өзбекстандық (130 кг) Темурбек Насимовты ұтты. Еске сала кетейік, Әлімхан осыған дейін 2021 жылы Алматыдағы Азия чемпионатында күміс, 2022 жылы Ұлан-Батырда чемпион атанған.

Ал Шамиль Ожаев жартылай финалда өзбекстандық Жалғасбай Бердімұратовтан айласын асыра алмады. Енді 87 кг дейінгі салмақтағы Ұлттық құрама спортшысы 3-орынға таласады.

Сол сияқты Сұлтан Әсетұлы (63 кг) аса тартысты айқаста өзбекстандық Айтжан Халмахановқа есе жіберді. Ол да қола жүлдеге таласатын қарсыласын күтеді.