Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Махмұд Сабырхан қарсылассыз қалды. Астанадағы жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін бе?

Сарапшы, спорт журналисі
25.03.2025, 18:35

Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешіне небәрі 10 күн қалғанда қазақстандық жас боксшы Махмұд Сабырхан қарсылассыз қалды.

фото ашық дереккөздерден алынды
Реклама
Реклама

Бұған дейін Сабырханның Филиппиннен келген Джеи Фрэнсис Бураймен (13-3-1, 3 КО) жұдырықтасатыны белгілі болған. Бірақ соңғы мәліметтерге сәйкес, Бурай Астанаға келуден бас тартқан.

Бұл жағдай Махмұдтың кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінің тағдырына қауіп төндіріп отыр. Қазір кеш ұйымдастырушылары жаңа қарсылас іздеп жатыр. 

Сол кеште рингке шығуы тиіс болған тағы бір қазақ спортшысы — Балауса Муздыманның да қарсыласы ауысты. Алғашында ол жеңіліп көрмеген америкалық Розалинда Родригеспен (14-0, 3 КО) жұдырықтасуы керек еді. Бірақ BoxRec.com-дағы соңғы ақпаратқа сай, енді Балауса филиппиндік Мария Тереза Пинилимен (7-1, 2 КО) кездеседі. Жекпе-жек жеңіл салмақтағы 8 раундқа жоспарланған.

Қарсыластың ауыстырылу себебі ресми түрде хабарланған жоқ.

Балауса Мұздыман. ФОТО: RunaSport.com

Айта кетейік, 5 сәуір күні өтетін бұл кештің басты оқиғасы — орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Алимханұлының (16-0, 11 КО) WBO және IBF белбеулерін қорғау жолындағы жекпе-жегі. Ол француз Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) кездеседі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары