Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Назым Қызайбай саясатқа бет бұрды

Редактор Penalty.kz
27.03.2025, 04:10

Қазақстандық әйгілі боксшы, 2025 жылы Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Назым Қызайбай саясат тақырыбына бет бұра бастағандай.

sportburo.kz

Ол өзінің Instagram парақшасында АҚШ-тың XIX ғасырдағы танымал саясаткері әрі ағартушысы Букер Талиаферо Вашингтонның нақыл сөзін жариялап, оқырмандарымен ой бөлісті:

"Меніңше, әр адамның өмірі үнемі күтпеген, тың серпіндерге толы болуы тиіс. Бұл оны күн сайын бар күшін салып өмір сүруге жетелейді", — деп жазды Қызайбай.

Бұл жазбаны оқырмандар саясатқа алғашқы қадамның белгісі ретінде қабылдады. Себебі спортшының сөздерінен азаматтық белсенділік пен жаңа бағытқа деген қызығушылық байқалады.

Назым Қызайбай – Қазақстан боксы тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанған әйел спортшы.

Назымның бұл жазбасы оның тек спорт әлемімен шектеліп қалмай, қоғамдық ойларға да үн қосуға дайын екенін аңғартады.