17 жастағы қазақ қызы Азияны дүр сілкіндірді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
28.03.2025, 20:43

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды.

Instagram/@bqo_sport

53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Зейнеп Баянова үшінші орынға табан тіреді. Қола медаль үшін белдесуде ол моңғолиялық Отгонтуя Чинболдпен кездесіп, 10:6 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Бұл екі палуан арасындағы үшінші белдесу. Былтыр Аммандағы (U23) сары құрлық бәсекесінің жартылай финалында, сосын Тиранада өткен әлем чемпионатының (U23) қола медаль үшін айқасында Чинболд айласын асырған.

ФОТО: ҚР Спортты дамыту дирекциясы

Еске сала кетейік, былтыр дәл осы Амман қаласында өткен Азия чемпионатында (U23) Зейнеп өзбек спортшысын жеңіп, үздік үштікті түйіндеген.

Зейнеп Баянова туралы не білеміз?

  • Туған күні: 2003 жылғы 24 ақпан
  • Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Чапаев ауылы

Жетістіктері:

  • Азия чемпионаты (кадеттер) – қола жүлде (2019)
  • Азия чемпионаты (U20) – күміс жүлде (2022), қола жүлде (2023)
  • Азия чемпионаты (U23) – күміс жүлде (2023), қола жүлде (2024)
  • Қазақстан Республикасының спорт шебері
  • Халықаралық дәрежедегі спорт шебері