"Қазақстанға рахмет!" — Баходир Джалолов Астанаға келіп, жанкүйерлерге үн қатты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
02.04.2025, 18:05

Жеңіліп көрмеген өзбекстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Баходир Джалолов (14-0, 14 KO) 5 сәуірде Астанада өтетін бокс кешіне қатысу үшін Қазақстанға келді.

vesti.kz

Астанада өтетін айтулы кеш қарсаңында Баходир жергілікті жанкүйерлерге алғысын білдіріп, қолдауды сезінетінін жеткізді:

“Әрине, жанкүйерлердің қолдауын сезіп тұрмын. Мұнда жанкүйер өте көп. Жақсы жекпе-жек көрсетеміз деп ойлаймын. Қазақстанға қолдау үшін үлкен рахмет!”, — деді Джалолов.

Баходирдің қарсыласы – украиналық Игорь Шевадзуцкий (12-2, 10 KO). Бұл жекпе-жек хардкор бокс жанкүйерлерінің басты назарында болмақ.

Аталған кеште Өзбекстанның тағы бір үмітті боксшысы Отабек Холматов (12-1, 11 KO) шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы – филиппиндік тәжірибелі былғары қолғап шебері Джейсон Кано Манигос (30-12-2, 20 KO).

5 сәуірдегі бокс кешінің басты айқасы — орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) мен француз Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 KO) арасындағы кездесу болмақ. Қос боксшы чемпиондық белбеулерді сарапқа салады.