Нұрсұлтан Алтынбектің Бразилиядағы бокс шоуы елді дүр сілкіндірді
02.04.2025, 23:22
Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Алтынбек Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан әлем кубогында кезекті жеңіске жетті.
sportburo.kz
Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда француз боксшысы Билал Беналиді 5:0 есебімен сенімді түрде ұтты. Айта кетерлігі, екінші раундта француз спортшысы нокдаунға түсті.
Осы нәтижемен Алтынбек турнирдің жартылай финалына шықты. Бұл автоматты түрде оған кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті. Ал Бенали өз кезегінде жүлдесіз қалды.
Турнирдің алғашқы кезеңінде Нұрсұлтан бразилиялық Майкл Триндадемен кездесіп, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жеткен.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама