Әлем кубогы: Қазақстан мен Өзбекстан финалға жолдаманы сарапқа салады
03.04.2025, 09:05
Жалпы, Әлем кубогының жартылай финалында 6 боксшымыз қолғап түйістіреді.
1bol.kz
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан жартылайфиналдық кезең басталды. Астана уақытымен 4 сәуірге қараған түні сағат 02:00-де Қазақстан боксшысы Даниал Сапарбай (+90 кг) рингке шығады. Оның қарсыласы — Өзбекстан құрамасының мықтысы Жахонгир Зокиров.
Даниал Сапарбай — жартылай финалда
Еске салайық, Даниал Сапарбай ширек финалда Үндістандық Нарендерді төрешілердің шешімімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын.
Қазақстандық тағы бес боксшы — жартылай финалда
Даниалдан бөлек, жарыстың осы кезеңіне Қазақстан атынан тағы бес спортшы шықты:
- Нұрсұлтан Алтынбек
- Диас Молжігітов
- Дәулет Төлемісов
- Әйелдер арасында — Жазира Орақбаева және Ұлжан Сәрсенбек
Аталған боксшылар 4 сәуір күні жартылайфиналдық жекпе-жектерін өткізеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама