Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Даниал Сапарбай Джалоловтың ізбасарымен жұдырықтасты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
04.04.2025, 08:45

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Даниал Сапарбай Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен World Boxing ұйымының әлем кубогы жартылай финалында өнер көрсетті.

Instagram/@worldboxing
Реклама
Реклама

Жартылай финалда Сапарбай өзбекстандық Джахонгир Зокировке қарсы тұрды. Бұл спортшыны мамандар екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалоловтың ізбасары деп атайды. Екі алыптың кездесуі Зокировтың айқын басымдығымен аяқталды. Төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен өзбек боксшысына жеңіс берді.

Осылайша Джахонгир Зокиров турнир финалына шығып, алтын медаль үшін таласады. Ал Даниал Сапарбай үшін бұл жарыс қола жүлдемен аяқталды.

Айта кетейік, Зокиров – 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, сондай-ақ U-22 санатында Азияның екі дүркін чемпионы. Ол қазір құрлықтағы ең мықты жас боксшылардың бірі саналады.

Бүкіл жекпе-жектің бейнежазбасын төмендегі сілтеме арқылы тамашалауға болады. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары