Қазақстандық боксшылар әлем чемпиондарына қарсы — Әлем кубогының финалында кімдер жұдырықтасады?

Редактор Penalty.kz
05.04.2025, 13:50

Фос-ду-Игуасуда (Бразилия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының алғашқы әлем кубогының финалында үш қазақстандық боксшы бақ сынайды.

sports24.kz

Финалдық жекпе-жектер 5 сәуір күні Астана уақытымен 22:00-де басталып  6 сәуірге қараған түні жалғасады.

Күндізгі сессия аясында Дәулет Төлемісов пен Өзбекстанның жастар арасындағы әлем чемпионы Акмалжон Исроилов 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда жолығады. Бұл жекпе-жек сегізінші жұп ретінде өтеді.

Төлемісов үшін бұл – алтын медаль үшін ғана емес, сонымен қатар мықты қарсыласты жеңіп, өз әлеуетін дәлелдеу мүмкіндігі.

Түнгі сессия Астана уақытымен 03:00-де басталып, тағы екі финалды қамтиды.

Жазира Орақбаева 51 келі салмақта италиялық Лючия Элен Айяриге қарсы алтын медаль үшін айқасады.

Ал бесінші жұпта өтетін басты тартыстардың бірі – Нұрсұлтан Алтынбек пен Өзбекстанның әйгілі чемпионы Миразизбек Мирзахалиловтың жекпе-жегі болады. 55 келі салмақтағы бұл "Азия дербиі" – бұрыннан келе жатқан қарсыластар текетіресінің жалғасы. Мирзахалилов — әлем, Азия және Азия ойындарының чемпионы.