Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Жеңілістің не екенін білмейтін Балауса Мұздыман Астанада тағы да жарқ етті! (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
05.04.2025, 20:43

Төрешілер бірауыздан жеңісті отандасымызға берді. 

penalty.kz
Реклама
Реклама

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман Астанада өткен ауқымды бокс кешінде тағы бір жарқын жеңіске қол жеткізді. Ол филиппиндік Мария Тереза Пинилиді (7-1, 2 КО) айқын басымдықпен жеңіп, кәсіби мансабындағы жетінші жеңісін тіркеді.

8 раундқа созылған тартысты кездесу

Кездесу 8 раундқа жоспарланып, толық қашықтыққа созылды. Балауса барлық раундта үстемдігін көрсетті. Оның техникалық шеберлігі, тактикалық ширақ қимылдары және дәл соққылары филиппиндік қарсыласын жиі тығырыққа тіреді. Жекпе-жек соңында төрешілер бір ауыздан жеңісті Мұздыманға берді.

Кәсіби рекорд

Бұл жеңіс Балаусаның профи рингтегі жетінші жеңісі болса, оның бесеуі нокаутпен аяқталған. Осы нәтижелер оның болашағынан зор үміт күттіретін боксшы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айта кетейік, Балауса Мұздыман – жастар арасында әлем чемпионы атанған, қазақстандық әйелдер боксының жарқын жұлдызы. Оның әрбір жекпе-жегі отандық жанкүйерлер үшін үлкен оқиғаға айналып келеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары