
Футбол алаңында Хвича Кварацхелия — сабырлы да салмақты ойыншы. Қоғам алдында да аса көп көзге түсе бермейді. Бірақ оның көлік таңдауы бұл бейнесіне мүлде қарама-қайшы: жұлдызды вингердің автопаркі стиль мен жылдамдыққа деген құштарлығын паш етеді. Біз сізге Хвичаның сүйікті көліктері туралы айтып береміз.
Кварацхелия "Наполи" сапында ойнап жүрген кезінде Mini Cooper Countryman тізгіндеген. Бұл қала ішіне өте ыңғайлы, ықшам әрі маневрлі кроссовер. Неапольдің тар көшелері үшін мінсіз көлік.
Бірақ бұл көлік Хвичаға тек жағымды естеліктермен ғана байланыспайды. 2022 жылдың қарашасында Mini Cooper белгісіз біреулер тарапынан ұрланып кеткен. Оқиға футболшының үйінің алдында болған. Абырой болғанда, италиялық полиция көлікті бірнеше сағат ішінде Казерта провинциясынан тауып иесіне қайтарды.
Маусым аяқталған соң туған еліне оралған Хвича көлігін де ауыстырған. Бұл жолы ол Porsche Panamera GTS-ке отырған. Бұл — спорттық сипат пен жоғары класты жайлылықты ұштастыра алған лифтбек.
Panamera GTS 4.0 литрлік V8 турбоқозғалтқышымен жабдықталған. Оның қуаты 460 ат күшінен асады. Бұл көлікпен Кварацхелияны Грузия тауларындағы тасжолдарда жиі байқап жатады. Panamera сапарлар үшін таптырмас серік.
Хвичаның автопаркінің інжу-маржаны — жасыл түсті Mercedes-Benz AMG GT-R. Бұл трасса үшін жасалған, алайда қоғамдық жолдарда да еркін жүре алатын толыққанды суперкар.
Көлік 585 ат күшіне дейін қуат шығара алатын 4 литрлік V8 қос турбиналы қозғалтқышпен жабдықталған. 100 км/сағ жылдамдыққа бар болғаны 3.6 секундта жетеді. Ашық жасыл түсті бояуы оның ерекше стилін айшықтайды.
Кварацхелияның бұл көліктің рулінде отырған сәттері әлеуметтік желілерде таралып үлгерді. AMG GT-R — бұл жай ғана көлік емес, иесінің дара болмысын көрсететін символ.