
Салтанатты шара жуырда Алматы қаласында өтті.
Еркін күрестен Қазақстан тарихындағы алғашқы Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан жақында сүйіктісімен некесін қиып, Алматыда салтанатты үйлену тойын өткізді.
Балуан былтыр күзде өмірлік серігін тауып, шаңырақ көтерген болатын. Ал бұл жолы олар жақындарының, спорттағы достары мен әріптестерінің басын қосып, ресми той ұйымдастырды. Тойдың естелік сәттері әлеуметтік желілерде кең тарап, спорт сүйер қауым тарапынан жылы лебіздер айтылып жатыр.
Жалпы, Ризабек Айтмұхан — Қазақстан еркін күресі тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы. Ол 2023 жылы Сербия астанасы Белградта өткен әлем чемпионатында 97 келі салмақта топ жарып, ел намысын асқақтатқан. Бұл жеңіс — қазақстандық еркін күрестің жаңа белесі ретінде бағаланған болатын.
Айта кетейік, спортшының тойына бірқатар танымал балуандар мен спорт қайраткерлері де қатысқан. Жанкүйерлер Айтмұқанға спорттағы және отбасылық өмірінде табыс тілеп, ақ жол тілеп жатыр.