Англиядағы футбол журналистері қауымдастығы (FWA) 2025 жылғы маусымның үздік ойыншысы ретінде "Ливерпульдің" шабуылшысы Мохаммед Салахты таңдады. Мысырлық футболшы бұл марапатты үшінші рет иеленіп отыр. Бұған дейін бұл атаққа 2017/2018 және 2021/2022 маусымдарында лайық деп танылған.
Салах қазіргі маусымда ерекше нәтижелер көрсетті. 32 жастағы шабуылшы барлық жарыстарда:
Футболшының “Ливерпульмен” келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жалғасады. Салах 2017 жылдан бері клуб намысын қорғап келеді және бүгінгі таңда команданың басты көшбасшыларының бірі саналады.
Айта кетейік, өткен маусымда (2023/24) бұл атақты “Манчестер Ситидің” жартылай қорғаушысы Фил Фоден жеңіп алды. Бұл Салах пен Фоденнің арасындағы үздік ойыншылар бәсекесінің жаңа парағы.