Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Алкогольден емделген Алмас Өтешов байланысқа шықпай кетті

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 09:50

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы алкогольге тәуелділіктен емделген әлем чемпионатының жүлдегері Алмас Өтешовтің қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Qaz365.kz
Qaz365.kz

Былтыр жазда Илья Ильиннің бастамасымен Алмас Өтешовті алкогольге тәуелділіктен емдеуге арналған стационарлық курс ұйымдастырылған еді. Бұл емдеу процесі Қазақстан ауыр атлетика федерациясының қолдауымен жүзеге асты.

Оңалту сәтті өткенімен спортшы байланысқа шықпай отыр. 

Федерация мәліметінше, Алмас Өтешовтің емдеу курсы былтыр желтоқсан айында аяқталған.

"Алмастың физикалық және психологиялық жағдайы емдеу барысында айтарлықтай жақсарды. Емдеудің соңында өзін жақсы сезінді. Сондықтан клиникадан өз еркімен шықты", – делінген федерацияның жауабында.

Бірақ спортшы емделу орнынан шыққан соң, федерациямен де, әріптестерімен де байланысын үзіп кеткен.

Федерация Алмасқа барлық қажетті көмекті көрсеткенін мәлімдеді:

"Алмаспен кәсіби дәрігерлер, психологтар жұмыс істеді. Барлық ұсынылған ем-шаралар толық орындалды. Емге байланысты шығындарды федерация толық өз мойнына алды".

Федерация тарапынан оның емін жалғастыруы үшін ұсыныс та болған. Алайда Алмас өз шешімінде табанды болған және емді жалғастырудан бас тартқан.

Ұйым Алмас Өтешовтің федерация құрылымына, мысалы, жаттықтырушы немесе әкімшілік қызметке оралу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

"Біз заң шеңберінде барынша көмектесуге дайынбыз. Алайда ол үшін алдымен Алмастың өзі ниет білдіруі керек", – дейді федерация өкілдері.

Қазір Алмаспен қайта байланыс орнату мүмкін болмай отыр.

Алмас Өтешов. ФОТО: fbrk.kz

Алмас Дәулетиярұлы Өтешов – 1988 жылы 18 мамырда дүниеге келген ауыр атлет. 94 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. 2013 жылы Польшадағы Вроцлав қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді (397 кг – 175 кг жұлқа көтеру, 222 кг серпе көтеру).

Бірақ 2015 жылы допинг ережесін бұзғаны үшін спорттан шеттетілген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір