Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Алмас Өтешов

Алмас Утешов орысшаAlmas Uteshov латынша

Алмас Өтешов — қазақстандық ауыр атлет, 94 кг-ға дейінгі салмақта 2013 жылғы Вроцлавтағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында күміс медаль алған, 2008 және 2009 жылдары Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысқан, бірақ допинг-сынамасы қайта тексерілгеннен кейін Олимпиададан дисквалификацияланды.

Спорт түрі
Ауыр атлетика
Туған күні
18.05.1988
Туған жері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Еспенді ауылы
Әлем чемпионаты
Күміс, 2013 (Вроцлав)
Азия ойындары
Күміс, 2014 (Инчхон)
Азия чемпионаты
Қола, 2008, 2009
Салмақ дәрежесі
94 кг-ға дейін

Анықтама Уикипедия бойынша: Almas Uteshov, Алмаз Дәулетярұлы Өтешов, Утешов, Алмас Даулетярович

Жаңалықтар

Допинг дауына іліккен зілтемірші жоғары лауазымға тағайындалды

Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев осындай шешім қабылдады. 

Бәрі-бір

Алмас Өтешов қымбат көлік мінді (ВИДЕО)

Белгілі ауыр атлет, Қызылорда облысында лауазымды қызмет атқарып жүрген Алмас Өтешов жаңа автокөлік сатып алғанын әлеуметтік желіде жариялады.

Жаңалықтар

Ішімдіктен бас тартқан Алмас Өтешов ауыр атлетиканың аңызымен кездесті (ВИДЕО)

Жаңа өмірге қадам басқан Алмас Өтешов аңыз бапкер Вилорий Пакпен кездескені жайлы жуырда бейнежазба жариялады. 

Бәрі-бір

Алмас Өтешов кинода дебют жасады (ВИДЕО)

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері, Қазақстан намысын талай жарыста қорғаған Алмас Өтешов алғаш рет кинода бой көрсетті. 

Жаңалықтар

"Арақты қалай қойдым?!" — Алмас Өтешов ішімдікті тастау жолын бөлісті

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері Алмас Өтешов әлеуметтік желіде ішімдіктен қалай бас тартқанын айтып, 6 ай ішінде өмірінде қандай өзгерістер болғанын көпшілікке жариялады. 

Жаңалықтар

Алмас Өтешов Қызылордада жаңа қызметке кірісті

Ауыр атлетикадан ел абыройын асқақтатқан Алмас Өтешов жауапты лауазымға тағайындалды. 

Жаңалықтар

Алкогольден емделген Алмас Өтешов байланысқа шықпай кетті

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы алкогольге тәуелділіктен емделген әлем чемпионатының жүлдегері Алмас Өтешовтің қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Жаңалықтар

"Өтешовтің өзі жұмыстан бас тартты": Ауыр атлетке қатысты мәлімдеме жасалды

Танымал ауыр атлет, допинг қолданғаны үшін әлемдік жарыстардағы жүлдесінен айырылған Алмас Өтешов соңғы кездері қиын кезеңді бастан кешіруде. Спортшы жұмысының жоқтығын, несиесінің көптігін айтып, отандық журналистерге сұхбат беруде. 

Жаңалықтар

Жұмыссыз жүрген Алмас Өтешов Қызылордада қызметке орналасты

Бақтияр Артаев оған қолдау көрсетіп, жұмысқа орналасуына көмектескен.

Жаңалықтар

"15,4 млн теңге несием бар": Әлем чемпионы министрден көмек сұрады

Ол қызметке орналасып, жас буынға білгенін үйреткісі келеді.