
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері, Қазақстан намысын талай жарыста қорғаған Алмас Өтешов алғаш рет кинода бой көрсетті.
Өзінің Instagram парақшасында Алмас Өтешов актерлік дебюті жайлы жазды. Ол "Байгайстан"деп аталатын отандық фильмге түскенін қуанышпен жеткізді:
"Жәй-жәй бастап жатырмын. "Байгайстанда" бақ сынадым. Киноға түсу – бала күнімнен келе жатқан арманым. Ол да орындалып жатқан сияқты, шүкір!", – деп жазды ол.
Әлеуметтік желі қолданушылары танымал спортшының жаңа бағытына қолдау білдіріп, жылы лебіздерін қалдырды:
Желі қолданушылары актерлік қабілетіне тәнті болып, оның болашақта үлкен рөлдерді сомдайтынына сенім білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін Алмас Өтешов 6 айдың ішінде алкогольден қалай бас тартқаны жөнінде ашық айтқан. Бұл оқиға оның жаңа өмірге қадам басуына серпін бергені анық.