
Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, жеңіліссіз украиналық боксшы Александр Усик алдағы Даниэл Дюбуаға қарсы реванш алдында ерекше жазбасымен жанкүйерлерін тәнті етті.
Спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына балалық шағындағы суреттерді жүктеп, анасына арнап қысқа әрі әсерлі жазба қалдырды:
“Қарашы, анашым — мен ұша аламын”, — деп жазды 38 жастағы Усик.
Постпен бірге ол мектептегі және жекпе-жектер алдындағы өмірінен естеліктер жариялады.
Александр Усиктің анасын Надежда Петровна Усик деп атайды. Ол Украинаның Чернигов облысынан шыққан. Боксшы түрлі сұхбаттарында анасының қолдауы мен тәрбиесі өміріндегі шешуші рөл атқарғанын жиі атап өтеді.
Александр Усик пен британдық IBF чемпионы Даниэл Дюбуа арасындағы реванштық жекпе-жек 2025 жылдың 19 шілдесінде Лондондағы әйгілі “Уэмбли” стадионында өтеді.
Бұл — абсолютті әлем чемпионы атағы үшін болатын тарихи кездесу.
Бірінші жекпе-жек 2023 жылы тамызда Польшада өткен. Сол кезде Усик тоғызыншы раундта нокаутпен жеңіске жетті.