Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Арақты қалай қойдым?!" — Алмас Өтешов ішімдікті тастау жолын бөлісті

Редактор Penalty.kz
04.07.2025, 18:15

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері Алмас Өтешов әлеуметтік желіде ішімдіктен қалай бас тартқанын айтып, 6 ай ішінде өмірінде қандай өзгерістер болғанын көпшілікке жариялады. 

instagram/@almas_uteshov
instagram/@almas_uteshov

Бір сурет — мың сөз

Алмас Өтешов өзінің Instagram парақшасында бұрынғы және қазіргі күйін салыстыра отырып:

“Бұл суретті жариялар алдында көп ойландым. Жеке өміріммен бөлісу керек пе, жоқ па деген сұрақ мазалады. Бірақ бұл — біреуге сабақ, біреуге үміт болар деген сеніммен жариялауды жөн көрдім. Ащы судан жұбаныш іздеген жандарға сабақ болсын. Шын ниетпен ұғынған адамға ең басты жол – сабыр мен иман”, — деп жазды.

Бәрі қасиетті Құран атымен ант беруден басталды

Алмас Өтешов ішімдікті доғаруына нақты бір сәт себеп болғанын айтады. Бұл — журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың “Уақыт көрсетеді” жобасына берген сұхбат кезі.

“Сол сұхбатта халық алдында Құранды ұстап тұрып, ащы суға енді жоламаймын деп серт бердім. Бұл мен үшін кері шегінуге жол жоқ дегенді білдірді. Абай атамыз айтқандай, “Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап” – сол ақыл мен қайрат мені осы ауыр жолдан алып шықты”, — дейді спортшы.

Алғыстан басталған ақ жол

Алмас өзінің жаңа өмір жолына түсуіне қолдау көрсеткен адамдарға шексіз алғысын жеткізді:

  • Алла тағалаға – тура жол көрсеткені үшін;
  • Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлына – туған жеріне шақырғаны үшін;
  • Облыстық спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаевқа – жұмыспен қамтамасыз еткені үшін;
  • Дәулет Тұрлыханов, Садық Мұстафаев, Бағдат Каленов, Шалқарбек Тәліпов, Қуатбек, Ғалым Айтбаев, Павел Тимофеевич (дядя Паша), Мұрат Өмірбек, Ғалым Сүлеймен, Рая Үдербаева, Асқар Байсариев және Илья Ильин — барлығы рухани күш беріп, сенім танытқан жандар.

Сонымен қатар “Мұз айдыны” мекемесі ұжымына және тілекші болған барша халыққа шын жүректен ризашылық білдірді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір